Метал аққыштығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:54, 2013 ж. қазанның 4 кезіндегі Bolatbek (Талқылауы) істеген түзету

Метал аққыштығысерпімділік шегінен аса көп өзгермейтін жүктеме берілу кезінде металдың пластикалық пішінсіздену қасиеті. Метал аққыштығы – жартылай өңделген өнімдерден дайындамалардың сырт пішінін құру кезінде қысыммен өңдеуге қабілеттігінің барлығын анықтайтын металдардың қажетті технологиялық қасиеті. Суықтай созу кезінде метал аққыштығын анықтау үшін технологияны сынама түріндегі сынақтардан (бүгу, сығу, жаншу, т.б. сынақтар) өткізеді.

Ақаулардың және шоғырланған кернеулердің құралымдық көздерінің орналасқан жерлеріндегі метал аққыштығы кернеулердің таралуы мен релаксациясына себебін тигізеді. Метал аққыштығы балқытылған металдың құйма қалыпты толтыру қабілеттілігі болып табылады. Ол құйма қорытпалардың ең маңызды технологиялық қасиеттерінің бірі. Метал аққыштығы жоғары болғанда құйма қалыптың құрама пішінін неғұрлым дәл қайталайды; жұқа қабырғалы бұйымдар дайындауда бұл ерекше маңызды рөл атқарады. Құю температурасы жоғарылаған сайын қорытпаның сұйықтай аққыштығы артады. Метал аққыштығы металдың аққыштық шегі деп аталатын кернеумен сипатталады.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}