Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Меркі ғибадатханасы"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

(Cat-a-lot: Тасымалдануда... Санат:Жамбыл облысы тарихи және мәдение ескерткіштері → [[Санат:Жамбыл облысы тарих...)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

18:00, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі нұсқасы

Меркі ғибадатханасы – Қазақстандағы орта ғасыр түркілерінің мәдени-ғұрыптық кешені. Меркі ауылынан оңтүстікке қарай 38 км жерде, биік тау үстіртінде, Меркі өзенінің жоғары ағысында орналасқан. Аралтөбе, Қасқасу, Сандық, Ұлысай, Шайсандық ескерткіштері Меркі (Жетісу) ескерткіш-кешен тобын құрайды. Ғылымда Меркі ғибадатханасы деп аталатын кешен – Меркі өзенінің аңғарынан басталып, таулы қыратқа дейін көтерілетін 250 км жерді алып жатыр. Меркі ғибадатханасын тас балбалдар мен мүсіндер құрайды. Түркілердің мәдени-ғұрыптық танымы бейнеленген кешен археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстанның бірегей тарихи-табиғи мұрасы ретінде танылды. Мыңжылдық тарихта Жетісу түріктерінің ғұрыптық ескерткіштерінің белгілі бір аймақта тығыз, топтаса орналасуы, сол жердің киелі деп танылғанын көрсетеді. Меркі ғибадатханасы – орта ғасыр түркілерінің танымын, өмір сүру салтын, болмысын айқындайтын ірі ескерткіш-кешен.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}