Мерей Ақшалов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:22, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Мерей Төлегенұлы Ақшалов — бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2004 жылы кадеттер арасында Азия чемпионы атанған, 2006 жылы Мароккода өткен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде топ жарған, 2010 жылы АҚШ-та өткен әскерилер арасындағы әлем чемпионатында дес бермей алтын медальді жеңіп алған, сондай-ақ, соңғы 2010-2012 жылдары «Астана арландары» сапында өнер көрсетіп, 2012 жылғы ҚР біріншілігінде 64 келі салмақта чемпион.


Мерей Төлегенұлы Ақшаловтың туған жері – бұрынғы Семей облысы, Аякөз ауданы, Мыңбұлақ дейтін ауыл. Астана қаласындағы Қажымұқан атындағы спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернат түлегі.<ref>Ағайынды Ақшаловтар</ref>

Дереккөздер

<references/>