Мережка

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Мережка<ref>"Шаңырақ" үй-тұрмыс энциклопедиясы. Алматы. 1991. ISBN 5-89800-035-6 (1-й з-д)</ref> - кестелеу өнеріндегі өткерме тігісті кесте. Кестенің бұл түріне мережаклар (шілтерлер) жатады. Мережка кергіште 40, 50, 60, 80 нөмірлі арбағаш жіптермен солдан оңға қарай тігіледі. Мережка өз алдына жеке бір кесте болып қана қоймайды, сонымен бірге басқа кестелерді де толықтырып отырады.

Тігіс түсіру барысы мен түрлері

Сурет:Мережка тігісінің барысы. 4 жіпті іліп алу.jpg
Мережка тігісінің барысы. 4 жіпті іліп алу
  • Мережканың алғашқы тігісін түсіру үшін инені келесі діңгектің жіптерінің арасынан өткізіп, мережканың шетінен 2-3 жіпті аттап материалға шаншиды;
  • сосын кесте тігетін жіпті оңнан солға қарай ілмек етіп салып, мережканың 4 жібін іліп алады;
  • егер кестелейтін бұйымның шетін мережкамен әдіптеу үшін, ол тегіс етіп қиып алынады. Ол үшін матаның шетінен алғашқы тұтас жіпті суырып алып, соның ізімен мата кесіледі;
  • сосын тігістің (кестенің шетіне түсетін мережканың) ені анықталады - егер оның ені 2 см болатын болса, онда мережканың жібін суыруды тігіске орын қалдыра отырып, шетінен 4,5 см аралықта басталады.
  • Салфетканы немесе дастарқанды кестелеген кезде матаның 4 жағынан бір-бір жіптен суырып алады, ол үшін дастарқанның қарама-қарсы екі бұрышынан инені шаншып тесік жасайды да, осы тесіктің түскен жерінен арқаудың бір жібін қияды. Қиылған жіпті еппен суырып, олардың қиылысатын келесі бұрышынан тағы қияды. Сосын матаның барлық төрт жағынан мережканың еніне байланысты тағы да 3-4 жіптен суырылады.
  • Қарапайым мережкаларға діңгектер, "жучок", "панка" және арқау өткізу арқылы жасалатын мережкалар жатады.
  • Ұзынынан және көлденеңінен суырылған жіптердің қиылысқан жерінде пайда болған бос шаршыларға "өрмекші" өрнегін салады.

Діңгек мережкасы

Сурет:Діңгек мережкасы.jpg
"Діңгек" мережкасы

Тігіс барысы:

  • матаның 3-4 жібі суырылады;
  • кесте тігетін жіпті жібі суырылған жердің сол жағынан 2-3 жіп төмен бекітіліп, оны матаның оң жақ бетіне шығарады да, осы жіппен матаның теріс жағынан тігінен жатқан 3-4 жібі алынады;
  • оларды оңнан солға қарай бір орап алып, инені екінші тігіс түсіру үшін астынан үстіне қарай мережканың шетінен 2-3 жіп төмен шаншиды.

Мережка "жучок"

Сурет:Мережка жучок.jpg
Мережка "жучок"

Тігіс барысы:

  • алдымен діңгек мережкасын жасалынады;
  • сосын жіппен мережканың ортасына 3 діңгекті қосып, белін буады( жіп 3 діңгектің астынан өтіп, қайтар жолында оларды орап алады, келесі 3 діңгек те осылайша оралып, белінен буылады). 3 діңгектің орнына 2 діңгектен буса да болады.

Мережка "панка"

Сурет:Мережка панка.jpg
Мережка "панка"
Сурет:Екі қатар панканың арсында қалған матаның жібін түсті жіппен өру.jpg
Екі қатар "панканың" арсында қалған матаның жібін түсті жіппен өру

Тігіс барысы:

  • жалпақ мережканың ортасына суырылмаған 3-4 жіп қалдырылады;
  • жіп алғашқы тігіспен жаңағы суырылмай қалған жіптерді төменнен жоғары қарай үстінен баса отырып, олардың астымен қиғаштап төмен түсіп, матаның оң жақ бетіне шығады да (алғашқы тігістен 4-6 жіп аралығында) алғашқы тігіс басталған жерге қайтып оралып, көлденеңінен оңнан солға қарай жүреді;
  • сосын жоғары қиғаштай жүре отырып, онымен жіптің төменгі бөлігін тартып отырады; жіпті оңнан солға қарай қиғаштап төмен түсіру арқылы жоғарғы бөлігін тартады.
  • Осы мережканың негізінде басқа да бірқатар, күрделі мережкаларды тігуге болады. Екі қатар "панканың" арасында қалған матаның жібін басқа түсті жіппен өріп жіберуге болады.

Мережка "полотнянка"

Сурет:Мережка полотнянка.jpg
Мережка "полотнянка"

Тігіс барысы:

  • "Панканың" үстіңгі қатарын тігіліп, астыңғы қатарын тігу барысында бір мезгілде "полотнянканың" жалған ілмегі де "воздушные петли" ілінеді;
  • ол үшін діппен "панканың" 2 діңгегі жасалды;
  • жіпті сол жағына қарай жоғарыға 2 діңгекті ілмекпен орап, "панканың" үстіңгі қатарынан ілмек жасалынады;
  • сосын оң жақтағы екі діңгектен іліп алып, алғашқы жіп аліп алынған жерге қайта төмен түседі;
  • келесі ілмекті жасауға көшу үшін оңға қарай жылжи отырып, "панканың" жаңадан төрт діңгегі жасалынады, ол 4 - және 5-діңгектердің арасында жасалады.

Торлау арқылы жасалатын мережка

Тігіс барысы:

  • алдымен діңгек мережкасы жасалынады;
  • сосын оңнан солға қарай діңгектерді жуан жіппен торлайды.

Мережка "өрмекші"

Сурет:Мережка өрмекші.jpg
Мережка "өрмекші"

Тігіс барысы:

  • кесте тігетін жіпті шаршы бойымен қиғаштай тартып, оны тігінен және көлденеңінен орайды, соңғы жіп ортасына дейін ғана оралады;
  • барлық тартылған жіптің қиылысқан жерінен түйін жасалынып отырылады;
  • "өрмекші" жіптің шеңбер бойымен жылжыған кезінде өрілуі арқылы пайда болады;
  • шеңберді айналып болған соң тартылған соңғы жіп ілініп алынып, кері бұрылып, жіп кері бағытта қайта өріледі.
  • Осылайша бірнеше айналым жасалынады. Соңғы айналымды жасап болған соң жіпті өрілмей қалған жанына бекітіп ақырына дейін өреді. "Өрмекші" тігілген шаршының жиегі тығыз кестемен бекітіледі.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>

Дереккөздер

  • "Вышивка", альбом. Киев "Веселка" 1986г.