Менің өлкем (көрме)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:30, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

«Менің өлкем, менің естелігім мен сенімім...». 2012 ж. Фотожурналист әрі суретші, қажымайтын турист және арманшыл Алексей Мазницин өзінің мерейтойлық жеке көрмесін осылай деп атады. Ол алғашқы фотосуретін 7 жасында түсірді. Ол өз өміріндегі тұңғыш «Смена-6» фотоаппаратымен фотоүйірмеге, яғни, Валентина Трыковаға келеді. Ол фотосуреттің сиқырлы әлеміне тәнті болады және оның бір мүшесі болуды қалады. Фотосурет оның бүкіл өмірінде орын алады, ал қалғандары тек қана көңілін аулайды.

А.А.Мазнициннің «Менің өлкем, менің естелігім мен сенімім...» атты жеке көрмесінің ашылуы. 2012 жылғы 6 маусымТуындылардың авторы Алексей Алексеевич Мазнициннің «Менің өлкем, менің естелігім мен сенімім...» атты көрменің ашылуында сөз сөйлеуі. 2012 жылғы 6 маусым Көрмеде ұсынылған 150-ден астам жұмыстар тек жартысы ғана. Ал қалғандары әлі аяқталу үстінде. Алексей Мазницин осы уақытқа дейін мыңдаған фотосуреттер түсірді. Ол түрлі жанрда жұмыс жасайды. Өз жұмыстарында шет аймақтардағы жайлы өмірді, замандастарының портреттерін және қалалық мерекелердің жарқын сәттерін түсіріп алады, бірақ туған өлке табиғаты оның шығармашылығының басты тақырыбы болып қала бермек. Оның шығармашылығы - қарқынды, сезімге және өмірге деген құштарлыққа толы. Алексей Мазницин газеттермен және журналдармен ынтымақтастықта жұмыс жасайды, оның фотосуреттері Шығыс Қазақстан туралы ең үздік фотоальбомдарға көрік береді, ол Андрей Кратенконың «В центре Евразии» атты екі томдығындағы фотосуреттердің авторы, бірнеше фотокөрмелердің қатысушысы және жасаушысы. Оны достары көктем адамы, табиғат баласы деп те атайды. Ол 60 жасында өз жұмыстарына қорытынды жасамайды.

Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА