Мемлекеттік Құдыс Қожамьяров атындағы ұйғыр музыкалық комедия театры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:36, 2014 ж. сәуірдің 19 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Мемлекеттік Құдыс Қожамьяров атындағы ұйғыр музыкалық комедия театры - 1934 жылы 24 қыркүйек күні ашылды. Ұйғыр театры әлемде теңдесі жоқ жалғыз кәсіби ұйғыр театры болып табылады.

Театр құрамында биік дәрежедегі мамандар жұмыс атқарып, қазіргі кезеңде 70 жылдық тарихын абыроймен жалғастыруда. Театр саңылақтары өнерін елміздің көрермендері ғана емес, сонымен бірге Мысыр, Португалия, Үнді, Пәкістан, Туркия, Венгрия, Қытай, Финляндия, Швейцария, Ағылшын, Америка қошаметпен қарсы алды.

1984 жылы театр өзінің 50-жылдығының қарсы алдында «Құрмет белгі» орденімен марапатталды.

Театр репертуарына 50-ші жылдары енген Ж. Асимов пен А. Садыротың «Анарханы», В. Дъяков пен И. Саттаровтың «Герип-Санамы» осы күнге дейін көрермендердің көңілінен шығатын классикалық қойылымдарына айналды. Сонымен бірге театр әлем классикалық шығармалардын да жетік меңгеріп келеді, солардың ішінде В. Шекспирдің «Отелло», «Король Лир», Ж. Б. Мольердің «Мещанин во дворянстве», К. Гольдонидің «Хозяйка гостиницы», Н. Гоголдің «Женитьба», Ғ. Мүсіреповтың «Қыз-Жібек» атты туындылары бар. Спектакльдерді қойып, театрдың көркемдік деңгейін көтерген режиссерлерді айтатын болсақ, олар өнердің еңбек сіңірген қайраткері С. Башоян, Қазақстанның халық артистері Б. Омаров пен Қ. Жетпісбаев, режиссер Я. Шамиев, тағысын-тағылар.

Театрдың шығармашылық тобы 160 адам құрайды. Драма тобынан басқа фольклорлық ансамблі «Нава», жастар ансамльдері «Яшлық» пен «Сада», би тобы «Рухсара» сан рет халықаралық фестивальдерде лауреат атанды.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}