Мақұлбек Шерімұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мақұлбек Шерімұлы (1890, Жуалы ауданы Қошқарата а. – 1976, сонда) – қоғам қайраткері.

Ауыл молдасынан сауатын ашып, Омбыдағы гимназияда орта білім алған. Болыс бастығы болған атасы Төребекпен бірге Көктал өзені ағып өтетін Қаратау шатқалына Ташкенттен жеміс ағаштарын әкеліп отырғызуға қатысқан. Сондай-ақ, ол өңірге үйеңкі, қараағаш та әкелініп отырғызылған. Сөйтіп, ол өңірдің жасыл желеңді болуына себепкер болған. Ш. 1910 ж. болыс болып сайланды. 1917 ж. Қазан төңкерісінен кейін кеңес өкіметіне бар малын тапсырып, жаңа билікті мойындауға мәжбүр болды. Алаш зиялылары А.Байтұрсынұлымен, Ж.Аймауытұлымен, М.Әуезовпен және С.Сейфуллинмен тығыз қарым-қатынаста болған. Әулиеата уезінің ішкі істер қызметінде жұмыс істеді. 1929 ж. кеңестік қуғын-сүргінге ұшырады. 1953 ж. толық ақталды. Ат баптаумен, сәйгүлік ұстаумен шұғылданды. Оның «Қара ат» деген сәйгүлігі кезінде Орталық Азияға танымал болды. Шерхан Мұртазаның «Қара маржан» шығармасындағы басты кейіпкер Ш.Шерімұлы болып табылады. Oл қартайған шағында Қаратау шатқалындағы метеостансада жұмыс істеп, ауа райын болжау орталығына мәліметтер жіберіп отырумен шұғылданды.<ref>Тараз Энциклопедисяы</ref>.

Cілтемелер

<references/>