Мақыш Қалтайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:04, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Мақыш Қалтайұлы(1869, қазіргі Астана қаласының маңында туған — 1916, сонда дүние салған) — ағартушы, ақын. Ақмола медресесінде араб, парсы тілдерін үйреніп, дін ілімін меңгерген. Кейін Троицк қаласындағы “Расуля” медресесіне оқуға түсіп, біраз жыл “услу жәдид” әдісімен бала оқытқан. Меккеге барып, қажы атанған. Білімдарлығымен, ақындығымен танылып, “мәшһүр” деген атқа ие болды. Қазан қаласынан Мақыштың “Қалтайұлының қазақ ахуалынан бахыс еткен манзумасы” (1907 ж. татар тілінде, 1909 — 10 жылы қазақ тілінде), “Біраз ғибрат сөз” (1910), “Қазақтың айнасы” (1910), “Насихат қазақия” (1911), “Бар оқиға” (1912), “Тура жол” (1912) атты өлең кітаптары басылып шықты. Өлеңдерінде ақын өз дәуірінің қоғамдық-әлеуметтік жағдайын, қазақтың хал-ахуалын, әдет-ғұрпын жырлап, өнер-білімге, мәдениетке үндеді. Оның қоғамға, дүниеге көзқарасы жағынан діни-ағартушылық пікірі басым болды. “Қазақ әкімдері”, “Ишандар хақында”, “Қожалар хақында” өлеңдерінде кейбір дүмше молдаларды сынаса, “Жастар хақында”, “Қарттан қашу”, “Жасқа жақындасу”, т.б. өлеңдерінде жастардың әр түрлі мінез-құлықтары сөз болады. Ағартушылық бағыттағы идеялары “ұылым үйрену парыздылығы”, “Орысша оқу керектігі”, “Басқа жұрттар қандай халде?”, т.б. өлеңдерінде айқын көрінеді. Мақыш аудармамен де айналысып, З.Каримидің “Айна” (1913), Ұ.Рашидидің “Сақ уа сұқ халдері” (1913) атты кітаптарын қазақ тіліне аударған. Сондай-ақ “Тұрмыш” атты қолжазба журнал да шығарған. Өзінің саяси-қоғамдық, ағартушылық ойларын баспасөз беттерінде жариялап тұрды. “Жолсыз газеттеріміздің бірі”, “Газетаның керектігі хақында” атты мақалалары жарияланған.

<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мақыш Қалтайұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}