Мақсұтұлы Мақсұт Мұрат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:21, 2016 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Arystanbek (Талқылауы) істеген түзету

Мұрат Мақсутұлы Мақсұт 1946 жылы 1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Есенгелді ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Рахымбаев Мақсұт (1900-1963). Анасы - Сәденова Бағила (1905-1961).

Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркем училищесінің театр декорациясы факультетін бітірген (1972), суретші декоратор. Қазақ және орыс тілдерін біледі.

1963 жылдан - Ұлан бидай өсіру кеңшарында ағаш ұстасының шәкірті.

1972 жылдан - қоюшы суретші, 1980 жылдан - С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ музыкалық драма театрының бас суретшісі.

1990 жылдан - «Қазақ мұражай реставрация» Республикалық мамандандырылған көркем шеберхананың (РМКШ) көркемдеуш суретшісі.

1991 жылдан - Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық Қазақ музыкалық драма театрының бас суретшісі. 1993 жылдан - Қ. Қуанышбаев атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрының қоюшы суретшісі (Астана ).

1999 жылдан бері - Ш. Құсайынов атындағы Көкшетау облыстық қазақ музыкалық драма театрының бас суретшісі.

«Астана» (1998), «Ерен еңбегі үшін» (2005) медальдарымен марапатталған. ҚР Мемлекеттік сыйлығының (1986), Республикалық театр байқауларының (1995, 1998, 2001, 2004)лауреаты.

Діни көзқарасы - діндар.

Үйленген. Жұбайы - Елубаева Жанат Елубайқызы (1945 жылы туған). ¥лдары - Мақсұтов Қанат (1970 жылы туған), Мақсұтов Ерлан (1973 жылы туған), Мақсұтов Жарас (1978 жылы туған), Мақсұтов Алмас (1983 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub