Мағыпар Саламатұлы Қуанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:43, 2016 ж. наурыздың 12 кезіндегі Batyrbek.kz (Талқылауы) істеген түзету

Мағыпар Саламатұлы Қуанов (18.02.1956 жылы туған) - География ғылымдарының кандидаты, профессор. Атырау инженерлік-гуманитарлық инстутының сырттай оқыту факультетінің деканы.

  • 1978 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген.
  • 1978 жылы Гурьев облыстық білім бөлімінің жолдамасымен Мақат ауданындағы Ескене сегізжылдық мектебінде химия және биология пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын бастаған.
  • 1979-1984 жж.Қазақ ССР Ғылым академиясының Мұнай химиясы және табиғи тұздар институтында Инженер-химик мамандығы бойынша қызмет атқарған. Сол кезде институттың қоғамдық жұмыстарына белсене араласып, кәсіподақ ұйымының белсенді мүшесі болды. Орталық басылым беттерінде тынрақалды мақалалары жарияланған.
  • 1984-1989 жж. Атырау облысы, Балықшы аудандық атқару комитетінің шақыруы бойынша жоспарлау бөлімінде экономист, кейіннен Дамба селолық атқару комитетінде хатшылық жұмыстарын атқарған кезде де, ауданның алдында тұрған міндеттерді шешуде бар қабілетін сала білді.
  • 1989-2002 жж. Теңіз кенішінде ауа тазалығы жөніндегі экспедиция басшысы болған. Осы уақытта облыс экологиясы, табиғат құбылыстарының заңдылықтарын, Теңіз кешенінің әр жыл сайын табиғи ортаға тигізетін әсері туралы оннан астам ғылыми жұмыстар жазып, 1999 жылы «Теңіз мұнай кешенінің қоршаған ортаға әсері» атты ғылыми диссертациялық жұмысын Әль-Фараби атындағы ұлттық мемлекеттік университетінен сәтті қорғаған.
  • 1997 жылы Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерінің судағы концентрациясын өлшеу тәсілдері бойынша патент берілді. Болон процесінің жеке тұлғаларды дамыту проблемалары бойынша "ЖОО орындарын ішкі бағалау процедураларын өткізу" жөніндегі сертификатының иегері.
  • 2002 жылы Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында экономика факультетінің деканы болып, 2003 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін осы институттың сырттай оқыту факультетінің деканы қызметін атқарады.
  • Институтта жұмысқа жауапты, тапсырылған іске іскерлігімен таныла білді. Студенттерді ғылым мен техника жаңалықтарымен хабардар етіп, өркениетке тәрбиелеуде.

Облыстық, институт көлемінде өткізілген ғылыми конференцияларға жылма-жыл қатысып, ғылыми баяндамалар дайындап келеді.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер