Махмұд Базарқұлұлы Қасымбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Махмұд Базарқұлұлы Қасымбеков (2 тамыз 1952 жыл, Шу) - Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы <ref>Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы Қасымбеков Махмұд Базарқұлұлы</ref>, саясаттанушы, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор.

Өмірбаяны

  • Білімі жоғары, математика пәнінің мұғалімі, экономист.
  • Еңбек жолын 1969 жылы Шу қаласындағы С.Сейфуллин атындағы орта мектепте бастады.
  • 1974 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтының математика факультетін, 1985 жылы Алматы халық шаруашылығы институтының жоспарлау-экономикалық факультетін, 1990 жылы Алматы жоғары партия мектебін бітірген.
  • 1973-1976 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты комсомол комитеті хатшысының орынбасары, кейіннен хатшысы болып істеді.
  • 1976-1983 жылдары Фрунзе аудандық, Алматы қалалық және облыстық комсомол комитеттерінің хатшысы, республика комсомолы Орталық Комитетінде бөлім меңгерушісі болып істеді.
  • 1983-1990 жылдары Алматы облыстық және Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде еңбек етті.
  • 1990 жылдан – Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинеті Аппараты, кейіннен Мемлекет басшысының Әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісі.
  • 1996 жылдың наурызынан – Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің меңгерушісі, ал кейіннен бастығы қызметін атқаруда.

Марапаттары

М.Б.Қасымбеков 100-ден астам ғылыми мақалалар жариялаған, ол 25-ке тарта кітаптардың авторы, телавторы және құрастырушысы болып табылады.

  • Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім саласындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері
  • «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордені
  • ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені
  • «Құрмет» ордені
  • 7 медальмен марапатталған.

Дереккөздер

<references/>