Марцин Каспшак

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Marcin kasprzak pomnik czolowo.jpg
Марцин Каспшактың туған ауылындағы ескерткіші

Марцин Каспшак (1860 жыл 2 қараша, Чолово ауылы - 1905 жыл 8 қыркүйек, Варшава) - поляк жұмысшы қозғалысының қайраткері.

Өмірі

Каспшак социалистік үйірмелерді біртұтас партияға біріктіріп, «Пролетариат» партиясы басшыларының бірі болды. 1890 жылы Лондонды паналап, онда поляк эмигранттары арасындағы буржуазиялық-ұлтшылдықпен, поляк жұмысшы қозғалысын орыс революциясы қозғалысынан бөліп әкетуге тырысушылықпен күресті. Революциялық қызметі үшін 6 жылдан астам түрмеде отырды. Варшавадағы астыртын баспаханаға жандармдар шабуыл жасағанда қарулық қарсылыс көрсеткені үшін патша әскери сотының үкімімен өлтірілді.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974 ж., 5 том </ref>

Дереккөздер

<references/>