Марк Энтони Питер Филлипс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:08, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Марк Энтони Питер Филлипс (ағылшын. Mark Anthony Peter Phillips) – Ұлыбританияның спортсмені, 1972 жылғы олимпиада чемпионы.<ref>http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A4%D0%B8%D0%BB%D0%BB%D0%B8%D0%BF%D1%81,_%D0%9C%D0%B0%D1%80%D0%BA</ref>

1988 жылғы күміс жүлдегері. Принцесса Аннаның бірінші күйеуі. Марк Энтони Питер Филлипс – майор Питер Уильям Гарсайд Филлипс (1998 жылы қыркүйекте қайтыс болған) және Энн Патрицияның (1988 жылы қайтыс болған) ұлы.

Білімі

Марк Филлипс Стаутс Хилл және Марлборо колледжінде дайындық мектебінде оқыған. Кейін Королдік әскери Сандхёрст академиясына түседі. Академияны тәмамдаған соң 1969 жылы Королеваның гвардия полкіне екінші лейтенант лауазымына ие болады. 1971 жылы қаңтарда лейтенант болып тағайындалады. 1974 жылы капитандыққа дейін көтеріліп, королева Елизаветаның жеке адъютанты болып тағайындалады. Филиппс әскерден 1978 жылы 30наурызда кетеді.

1972 жылы Мюнхен олимпиадасына қатысып алтын медальді жеңіп алады. Сеулде өткен олимпиадада күміс медальдің жеңімпазы атанады. Қазіргі таңда ол «Хорс & Хаунд» журналында жылқы жайлы рубриканы жүргізеді. 2003-2005 жылдар аралығында Америка Құрама Штатында бас жаттықтырушы болып істеген.

Бірінші неке

Өзінің атқарған қызметінің арқасында Марк Филлипс II Елизаветаның қызы принцесса Аннамен танысады. Екеуі 1973 жылы 14 қарашада некелеседі. Некеден 2 бала туған: Питер Марк Эндрю Филлипс (1977), Зара Анна Елизавета Филлипс (1981). 1992 жылы 28 сәуірде Марк Филлипс және Анна ажырасып кетеді.

Екінші неке

1997 жылы 1 ақпанда Марк Сэнди Пфлюгермен отбасы құрады. Некеден бір қызы бар.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}