Мариям Тохтаханқызы Семятова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:30, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Мариям Тохтаханқызы Семятова (9 мамыр, 1916, қазіргі Алматы облысы Шелек ауданы Қаратұрық а. — 9 қараша 1967, Алматы) — актриса, Қазақ КСР-інің халық артисті (1954).

Өмірбаяны

  • Сахналық жолын көркемөнерпаздар үйірмесінен бастады.
  • 1935 ж. Алматыдағы педагогикалық училищеге түседі
  • 1935 — 67 ж. осы театрдың құрамында актриса болып, әр алуан рөлдерде ойнады.


Кәсіби театр сахнасында тұңғыш ойнаған рөлі — У.А. Гаджибековтің “Аршин мал алан” музыкалық драмасындағы күтуші әйел Телли. Бұдан басқа ұйғырдың ұлттық және шетел драматургиясы бойынша қойылған спектакльдерде ойнаған рөлдері бір-біріне мүлдем ұқсамайтын, қызғылықты шешім тапқан сахналық бейнелер. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары ерлер рөлінде де ойнады. Қазақ жазушыларының шығармалары негізінде қойылған спектакльдерде Баян (Ғ.Мүсірепов, “Қозы Көрпеш — Баян сұлу”) және Майра (Ә.Тәжібаевтың осы аттас драмасында) рөлдерін орындады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}