Марина Александровна Аитова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Марина Александровна Аитова 1982 жылы 13 қыркүйекте Қарағанды қаласында туған. Oрыс.

Әкесі - Коржов Александр Владимирович, жүргізуші. Анасы - Коржова Любовь Тимофеевна, қойма меңгерушісі.

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің халықаралық экономикалық қатынастар факультетін бітірген (2002), экономист-халықаралық білгір. 1997 жылдан - Қарағанды қаласы БЖСМ-де жеңіл атлетикадан спортшы-нұсқаушы. 2003 жылдан - Алматы қаласы ШҰКД спортшы-нұсқаушысы. Әлем кубогының қола жүлдегері (Афины, 2006); Азия ойындарының чемпионы (Доха, 2006); Азия чемпионы (Таиланд, 2006); ашық кеңістікте биікке секіруден Азия рекордшысы (Афины, 2009); ҚР көп мәрте чемпионы. Халықаралық кластағы спорт шебері (2000).

  • Әскери атағы - сержант.
  • Діни көзқарасы - христиан.
  • Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Гүлдену».
  • Сүйіп оқитын әдебиеті - психологиялық әдебиеттер.
  • Тұрмыс құрған. Жұбайы - Аитов Данил Сергеевич,жаттықтыру залының нұсқаушысы.
  • Ұлы - Аитов Ефим Данилович.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub