Марат Тұрдыбекұлы Оспанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Марат Тұрдыбекұлы Оспанов (17 қыркүйек 1949, Ақтөбе қаласы – 23 қаңтар 2000, Алматы қаласы) – қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы (1998).

Өмір жолы

  • 1971 жыл — Қазақ КСР-і Мемлекеттік жоспарлау, есептеу орталығының ғылым зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер.
  • 1971 жыл — Мәскеу халық шаруашылығы институтын бітірген.
  • 1972–1976 жж. — Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында оқытушы, кафедра меңгерушісі.
  • 1979 жыл — ҚазМУ-дың аспирантурасын (қазіргі ҚазҰУ) бітірген.
  • 1979-1990 жж. — Партия ұйымының хатшысы.
  • 1990-1991 жж — Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесінің Экономикалық реформа, бюджет пен қаржы мәселесі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары.
  • 1991-1992 жж. — ҚР Мемлекеттік Бас салық инспекциясы бастығының орынбасары.
  • 1992-1994 жж. — ҚР Қаржы министрінің 1-орынбасары – Бас салық инспекциясының бастығы.
  • 1995 жыл — ҚР Министрлер Кабинеті жанындағы Шетелдік капиталды игеру жөніндегі комитеттің төрағасы.
  • 1996-1999 жж. — ҚР Парламентінің бірінші шақырылымдағы Мәжілісінің төрағасы.
  • 1999-2000 жж. — «Отан» партиясы төрағасының орынбасары.
  • 1995-2005 жж — 1 және 2-шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Ғылыми еңбектері

  • 1997 жылы - «Налоговая реформа и гармонизация налоговых отношений» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.

Оспанов елдегі қоғамдық-саяси процестерге белсенді араласып, республика Парламентінің қалыптасуына, саяси және экономикалық реформалардың әзірленіп, жүзеге асырылуына үлес қосты.
Ол қаржы және бюджет, салық т.б. экономикалық салаларға арналған 100-ден астам ғылыми мақала, 8 монография:

  • «Гармонизация налоговых отношении», 1997;
  • «Налоговая реформа и гармонизация налоговых отношении, 1997; т.б.) жазды.
  • 1999 жыл «Тұрақтанудан өсімге қарай» (1999-2005) атты дағдарысқа қарсы экономикалық бағдарламасын жариялады, кейін бұл ҚР Үкіметінің экономикалық бағдарламасында негіз етіп алынды.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998. ISBN 5-89800-123-9</ref> Экономика ғылымы саласында 6 кітабы бар.

Есте қалдыру

  • Ақтөбе қаласындағы көшенің бірі
  • Батыс Қазақстан медицина академиясына М.Оспанов есімі берілген.
  • Ақтөбе қаласында Марат Оспанов тұрған үйге ескерткіш тақта ілінді.
  • 2001 жылы шілде айында есімі берілген медицина академиясына қола бюсті қойылды.

Марапаттары

  • 2-дәрежелі «Барыс» орденімен (1999) және медальдармен марапатталған.

Қосымша мәліметтер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}