Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Тәжин, Марат Мұхамбетқазыұлы — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы. Социология ғылымдарының докторы, профессор.

Өмірбаяны

1960 ж. сәуірдің 8-інде Ақтөбе қаласында туған.

Алматы халық шаруашылығы институтын және С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. Әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор.

1992 ж. дейін ғылыми-оқытушылық қызметпен айналысты.

1992 ж. бастап — Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинетінің Аппаратында: Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары, осы бөлімнің меңгерушісі, ҚР Президенті Аппараты Басшысының орынбасары және Ақпараттық-талдау орталығының басшысы.

199495 жж. — Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік кеңесшісі.

199599 жж. — Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары және Президент Әкімшілігі Талдау және стратегиялық зерттеу орталығының басшысы.

199901 жж. — Президенттің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.

2000 ж. — Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының төрағасы міндетін атқарды.

2001 ж. — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарды.

2002 ж. — Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Президенттің көмекшісі — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.

2002 ж. тамыз айынан бастап — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Бірінші орынбасары.

2006 ж. сәуір айынан бастап — Президенттің көмекшісі — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.

2007 ж. қантардың 11-інде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

2009 жылғы 4 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып тағайындалды

2013 жылдың 16 қаңтар күні Президент өкімімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы ретінде тағайындалды. Бұл қызметте ол Мұхтар Құл-Мұхамедті ауыстырған болатын.<ref>Марат Тажин назначен госсекретарем Казахстана</ref>.

2014 жылдың 11 ақпан күні ҚР-ның РФ-ғы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.<ref>http://radiotochka.kz/1688-.html</ref>

Марапаттары

Әлеуметтік ғылымдар докторы, профессор. «Барыс» және «Құрмет» ордендерімен марапатталған.

Дипломатиялық дәрежесі – Төтенше және Өкілетті елші.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Қазақстан Үкіметі (ағымдағы)