Майра Арғынбекова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:00, 2015 ж. маусымның 8 кезіндегі Erboldilyara (Талқылауы) істеген түзету

Арғынбекова Майра 1961 жылы 2 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Шорға ауылында туған. Қазақ. Әкесі- Кизатов Қалам (1917-1976), жүргізуші болып жұмыс істеген. Анасы - Кәрімова Күлпаш (1928-1998), сатушы болып жұмыс істеген. Өскемен музыкалық училищесінің вокал бөлімшесі факультетін бітірген (1986), хор, академикалық хор, эстрадалық ансамбль әртісі. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1978 жылдан - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ақжар театрында автоклуб меңгерушісі. 1982 жылдан - Өскемен музыкалық училищесінің студенті. 1987 жылдан - Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Мариногорск ОМ ән пәнінің мұғалімі. 1989 жылдан - Мәдениет үйінің қызметкері (Мариногорск). 2002 жылдан бері - Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан облыстық драма төатрының актері. Мәдениет қайраткері (2009). Діни көзқарасы - діндар. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Әлемнің дамыған 50 елінің қатарына қосылады». Хоббиі - кітап оқу. Сүйіп оқитын әдебиеті - М. Әуезов, Ә. Нұршайықов және басқа да Қазақстандық классиктер. Тұрмыс құрған. Жұбайы - Арғынбеков Серікбек Алдабергенұлы (1958 жылы туған), «Тоқтаров» ЖК басқарушы механигі. Үлдары - Арғынбеков Талап Серікбекұлы (1986 жылы туған), Алдабергенов Дарын Серікбекұлы (1992 жылы туған); қызы - Арғынбекова Әйгерім Серікбөкқызы (1987 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub