Майлыбаева Гүлшат Ахметқызы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:55, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Майлыбаева Гүлшат Ахметқызы (29.12.1931 ж. туған, Алматы) — нысана көздеуден қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш КСРО спорт шебері (1953), республикалық дәрежедегі төреші (1959). Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі Әл-Фараби атындағы ұлттық университеті) бітірген (1955). 1956 ж. өткен КСРО халықтарының 1-спартакиадасында қазақ қыздары арасынан тұңғыш рет ерлер сапында өнер көрсетіп, нысана көздеуден (600 мүмкіндіктен 587 ұпай) Қазақстанның жаңа рекордын жасады. 1957 ж. Одесса қаласында өткен КСРО чемпионатында 600 мүмкіндіктен 594 ұпай жинап, қола медаль алды. Республика және КСРО жарыстарында қазылық етті. “Құрмет Белгісі” орденімен және медальдармен марапатталған.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Майлыбаева Гүлшат Ахметқызы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}