Мажарстан музыкасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Венгрия музыкасы

Венгрия музыкасы-венгрия халықының музыкасы. Венгр халық әндері бір дауысты болып келеді. Халық шығармашылығынан лирикалық және тұрмыс-салт әндерімен қатар мандьярлардың тәуелсіздігі жолындағы ғасырлар бойғы күресін бейнелейтін тарихи әндер де кең орын алады. Ертеде әндер мен аңыздарды қобызға қосып айтатын халықтың әнші-жыраулары болған.


Венгрияда профессионалдық музыка мәдениеті 13 ғасырда дами бастады. 15 ғасырдың өзінд Буда қаласында король сарайының капелласы болды. 1536 – 38 жылы А. Фаркаш, 1554 жылы Ш. Тиноди мадьяр тілінде музыкалық шығармаларды (аңыздар, тарихи әндер) басып шығарды. Венгрия музыкасының бұдан былай дамуына вербункош деп аталатын венгр аспаптық музыкасы ерекше әсер етті. Вербункошқа тән музыкалық элементтерді дамутыдың негізінде композитор Й. Рузичка «Белланың қашуы» (1822 жылы) атты тұңғыш венгр операсын жазды. Кейінірек Ф. Эркель венгр қаһармандық-романтикалық операсының бастаушысы болды. 19 ғасырда Ф. Лист аспаптық музыка саласында жаңаша шығармалар тудырды. 1837 жылы Пешт қаласында опера театры ірге көтерді, 1840 жылы консерватория, 1853 жылы филормониялық қоғам ашылды. 20 ғасырдағы венгр музыкасының дамуы, өріс алуы, Кодай мен Б. Бартоктың композиторлық және этнографиялық еңбектерімен тікелей байланысты. <ref> Қазақ совет энцеклопедиясы </ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер