Магиялық реализм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:46, 2017 ж. наурыздың 10 кезіндегі Batyrbek.kz (Талқылауы) істеген түзету

Магиялық реализм — шынайы ғалам сипатына магиялық элементтерді қосатын өнер жанры деген анықтаманы нақтыдан гөрі, жалпы сипаттамалы деп айтуға болады.

Алғашында неміс сыншысы Франц Рохтың шындықты өзгертіп көрсететін суретті сипаттауға қолданған термині «магнетикалық реализм» болатын, бірақ кейін бұл терминді Артуро Услар-Петри латынамерикалық жазушылардың кейбір жұмыстарын сипаттауда кең пайдаланды. Куба жазушысы Алехо Карпентьер (Alejo Carpentier) (Услар-Петри дегеннің досы) «The Kingdom of this World» («Осы әлемнің патшалығы») (1949) повесінің алғы сөзінде «Lo real maravilloso» (сөзбе-сөз аударғанда «ғажап (тамаша, таңғажайып) шындық» дегенді білдіреді) терминін қолданды.

Карпентьердің шығармалары XX ғасырдың 60-жылдары Еуропада басталған осы жанрдың серпілісіне үлкен әсер етті.

Магиялық реализмнің элементтері:

  • фантастикалық элементтер ішкі қайшылықсыз болуы мүмкін, бірақ ешқашан түсіндірілмейді;
  • кейіпкерлер магиялық элементтің қисынын (логикасын) сөзсіз қабылдайды;
  • көптеген тек қана сезім арқылы қабылданатын бөліктері болады;
  • символдар мен бейнелер жиі қолданылады;
  • адамның сезімі мен құмарлығы жан-жақты (егжей-тегжейіне дейін) сипатталады;
  • уақыт ағымы бұрмаланады, сондықтан ол циклді немесе жоқ сияқты. Тағы бір тәсіл ретінде коллапс қолданылады, яғни осы шақ өткенді қайталайды немесе еске түсіреді;
  • себеп пен салдар орын ауыстырады, мысалы, кейіпкер қайғылы оқиғаға дейін азаптанады, күйзеліске түседі;
  • фольклор немесе аңыз әңгімелерінің элементтері кездеседі;
  • жағдай баламалы көзқарастар тұрғысынан ұсынылады, яғни баяндаушының дауысы үшінші жақтан біріншіге ауысады, жалпы қарым-қатынас және естеліктер туралы түрлі кейіпкерлер пікірлерінің және ішкі монологтың бір-біріне ауысуы жиі кездеседі;
  • өткен қазіргімен, астральды физикалықпен, кейіпкерлер бір-бірімен қарама-қайшылықта болады;
  • шығарманың ашық финалы оқырманға өз бетінше ненің шынайы және дүниенің қалыбына сәйкес келетінін анықтауға мүмкіндік береді.

Магиялық реализм жанрында жазған жазушылар

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}