Ләйла Мұхтарқызы Әуезова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әуезова Ләйла Мұхтарқызы (1929-93) - тарихшы-ғалым, тарих ғылымының докторы. 1963 жылдан өмірінің ақырына дейін М. О. Әуезовтың әдеби-мемориалдық мұражайының меңгерушісі болды. Оның «19 ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанда егін шаруашылығының дамуы» және «М. О. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының тарихи негіздері» деген келемді монографиялық зерттеулері қалың оқырманға жақсы таныс. Ғалым соңғы еңбегінің «Абай Құнанбаев және оның өскен ортасы» деген тарауында (211-267- б.) ұлы ақын өмір сүрген тарихи кезең мен әлеум. ортаға жан-жақты ой жүгіртіп, тиянақты шолу жасайды, Абай шығармаларына өзек болған тақырыптарды талдайды. Тарихшы Абайдың азамат, қайраткер ретінде қалыптасуына орыс демократтарының әсерін анықтау мәселесіне де елеулі үлес қосты Ол езінің «19 ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанда егін шаруашылығының дамуы» деген негізгі тарихи еңбегінде ақынның Семейге саяси көзқарастары үшін жер аударылып келген орыс достары және олармен қарым-қатынасы туралы сез қозғайды (220-261-6.). Солар арқылы ақынның орыс мәдениеті мен әдебиетіне деген ықыласының өсе түскендігін нақты мысалдармен дәлелдейді.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ләйла Мұхтарқызы Әуезова|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}