Люд Польский ұйымы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

"Люд Польский" ұйымы (полякша:Lud Polski немесе Gromady Ludu Polskiego) - Ұлыбританиядағы поляк эмигранттарының солшыл қанатының саяси ұйымдары.

Ол 1835 - 1846; 1853 - 1856; 1872 - 1875 жылдары жұмыс істеді. Люд Польский ұйымдары шаруалар революциясы арқылы сословиелік теңсіздікті, жерге жеке меншікті жоюды мақсат етті. А.И.Герценмен, Н.П.Огаревпен, К.Маркспен, Ф.Энгельспен байланыс жасап тұрды. Ұйымның кейбір мүшелері 1863 - 1864 жылдардағы Польша көтерілісіне, Париж коммунасына қатысты. <ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том </ref>

Дереккөздер

<references/>