Лиманов Есенғали

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:44, 2014 ж. сәуірдің 21 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Лиманов Есенғали (1930, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Балуан ауылы – 1992, Алматы) – ғалым, техника ғылымдарының докторы (1975), профессор (1976). ҚР ғылымына еңбегін сіңірген қайраткер. Мәскеу геол.-барлау институтын бітірген (1953). Еңбек жолын 1953 жылы бастаған. Қазақстанның титан және темір кендері орнына барлау жүргізу жұмыстарын басқарды. 1956 жылы ҚазКСР Геология мин-нде аға инженер, 1960 жылы Қазақ Минералдық шикізат ғылыми-зерттеу институтында техника және технология зертханасының меңгерушісі, 1967 жылы Қазақ политех. институтында кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарды. 200-ден аса ғылыми еңбектің, оның ішінде 19 монография мен брошюралардың авторы, 3 патенттің, 40-қа тарта өнертапқыштық куәліктің иегері. Октябрь революциясы, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.

Дереккөздер</span>

«Ақмола облысы» энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Лиманов Есенғали|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}