Либретто

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

14:58, 2014 ж. сәуірдің 21 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Либретто<ref name="source1">Қазақ Ұлттық Энциклопедисы</ref> (италиялық Ііbretto, сөзбе-сөз кітапша), музыкалық-драмалық шығармалардың (опера, оперетта, кантата, оратория) сөз мәтіні немесе қысқаша мазмұны. Балеттің, пантомиманың да әдеби сценарийі Либретто деп аталады. Либретто атауы көрермендерге арнайы таратылатын опера мәтіні жазылған кішкене кітапшаларға орай шыққан. Либретто операның әдеби-драмалық негізі болып табылады. Оның сюжеттері халықтың ән-жырынан, аңыздардан, мифологиядан, көркем әдебиет туындыларынан алынып, драматургияның жалпы заңдылықтарына, музыкалық композиция шарттарына сәйкес жазылады. Жазушы мен композитордың бірлескен шығармашылық жұмысы Либреттоның сапалы болуының шарты. Қазақ музыка өнерінде М.Әуезов (“Абай” операсы, “Қалқаман — Мамыр” балеті), Ғ.Мүсірепов (“Біржан сал” операсы) Либреттоның озық үлгілерін жасады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Либретто|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}