Лесбек Сейітбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:56, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Сейітбеков Лесбек (18.4. 1938 жылы туған, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Кеңес ауылы) — техника ғылымы докторы (1984), профессор (1986), Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (1995). Ташкент қаласындағы ауыл шаруашылығын механикаландыру және суландыру институтын бітірген (1960). 1961 — 66 ж. Жамбыл облысы шаруашылықтарында, 1966 — 91 ж. Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институтында, 1991 — 93 ж. Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдары академиясында қызмет атқарды, 1993 — 2003 ж. Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институтының директоры, ал 2003 жылдан осы институт негізінде құрылған. Ауыл шаруашылығын механикаландыру ғылыми-өндірістік орталық директорының орынбасары болды. Ғылыми зерттеулерінде мал шаруашылық өнімдерін өңдеу және екпе жайылымды қоршау технологиялары мен машиналар жасау теориясын дамытты. Жел қуатымен су көтеретін ВВ-3Т, жел қуатымен электр тогын өндіретін ВЭ-2Т, ВЭ-2, 7Т, күн қуатымен жұмыс істейтін ГЭ-300 қондырғылары мемлекеттік сынақтан өтіп, өндіріске ұсынылды. Оның тікелей басқаруымен және өзінің қатысуымен қой шаруашылығы өнімдерін өңдеудің қалдықсыз технологиялары мен 10 түрлі құрал-жабдықтан тұратын машиналар кешені жасалды. Олардың барлығы мемлекеттік сынақтан өтіп, Орта Азия мен Қазақстан Республикасының 250-ден астам шаруашылықтарына енгізілді. Бұл машиналардың бір үлгісі Моңғолия елінің шаруашылығында іске қосылды. Сейітбековтің басқаруымен “Агроөнеркәсіп кешенін ғылыми қамтамасыздандыру” мемлекеттік мақсаттағы ғылыми-техникалық бағдарламасының жеті тарауы орындалуда. 130-дан астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 3 кітап, 3 ұсыныс, 35 авторлық куәліктері мен патенттері бар. КСРО-ның Бүкілодақтық көрмесінің алтын (1983), күміс (1988), қола (1989) медальдарымен марапатталған.

Шығ.: Машины для каракулеводческих комплексов, А.-А., 1978; Механизация процессов установки постоянных изгородей на пастбищах, А., 1994; Получение биогаза из отходов животного и растительного происхождения, А., 2004; Микробиологическая анаэробная конверсия биомассы, А., 2005.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}