Лепехин Иван Иванович

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Mergeto Иван Иванович Лепехин (10.9.1740, Санкт-Петербург, — 18.4.1802, сонда) — Ресей ғалымы, табиғаттанушы, саяхатшы. 1762 — 67 ж. Страсбург университетінде оқып, медицина докторы дәрежесін алды.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref> 1768 — 72 ж. Ресейдің солтүстік-батыс бөлігін, Орал тауын, Еділ бойын зерттеуші академиялық экспедициялардың бірін басқарып, Орал, Орынбор қалалары, Каспий теңізінің жағалауы туралы мол мәлімет қалдырды. Мұнда ол ғылыми тұрғыдан құнды ботананикалық және нумизматикалық коллекциялар жинастырған. Лепехиннің еңбектері жаратылыстану, техника, этнография, экономика, т.б. ғылым салаларының сол тұстағы көкейкесті мәселелеріне арналды. Ресей империясындағы халықтар этнографиясы мен географиясы туралы нақтылы мәлімет беретін “Дневные записки путешествия... по разным провинциям Российского государства” (1 — 3-т., 1771 — 80; 4-т., 1805) деген басты еңбегінде “Қырғыз және Жоңғар даласы туралы” мәліметтер жасады.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub