Леон Баттиста Альберти

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:33, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Тұлға Альберти, Леон Баттиста (Үлгі:Lang-it; 08.02. (кейбір мәлімет бойынша 11 немесе18 ақпан)1404, Генуя — 20.04. (кейбір мәлімет бойынша 19 сәуір)1472, Рим}}) - итальян ғалымы, архитектор, жазушы, музыкант, қайта өркендеу дәуірінің ірі мәдениет қайраткері.

Падуя мен Болонья қалаларында оқыған. Альберти "Халықтық" (итальян) тілдің әдеби құқығын қорғауға ат салысты. Теориялық трактаттарында ("Статуя жөнінде", 1435 ж., "Кескіндеу өнері туралы",1435-36ж.,- итальян тілінде "Сәулет өнер жайында", 1485 ж.- латын тілінде) өз заманының ғылым жетістіктерімен байыған өнер тәжірибелерін қорытты.

Сурет:Santa Maria Novella.jpg
Санта-Мария шіркеуі

Альберти архитектуралық саласында батыл шешімдерге барды. Cанта-Мария шіркеуінің фасадын қайта жасағанда инкрустациялық стильдің дәстүрлерін жалғастыра отырып, тұңғыш рет әрлі әшекей қолданды.

Альбертидің архитектуралық еңбектері, әсіресе оның жобасымен салынған Риминидегі Сан-Франческо т.б. шіркеулер Қайта өркендеу дәуірінің ежелгі архитектуралық мұраларын меңгерудегі батыл қадам болып саналады.

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998