Леонид (Әскер) Құсманұлы Бакаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox writer Леонид (Әскер) Құсманұлы Бакаев (16.5.1949,Ресей, Камчатка облысы Усть-Камчатка ауданы Новый Камчатск с. – 24.5.2007, Алматы қ.) – инженер, педагог, заңгер, полк. (1990), тарих ғыл. канд. (1990), саясаттану (1996) және әскери (1997) ғыл. докт., проф., ҚР Жаратылыстану (1996), Пед. (1997) және әлеум. (1999) ғыл. академияларының акад., Нью-Йорк ғыл. академиясының мүшесі (1997), Ресей Әскери ғыл. академиясының акад. (1999). Ташкент жоғары танк командалық уч-щесі (1971), Алматы пед. шет тілдер ин-ты (1983), Бронетанк әскерлерінің әскери академиясы (1988) және Алматы мемл. ун-тін (2001, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. Чехословакияда танк бөлімшесінің командирі (19711973) қызметін атқарды. 1973 жылдан Қазақстанда әр түрлі лауазымды әскери қызметтер (19711990) атқарған. ҚР Әскери комиссары (19901991), ҚР Мемл. қорғаныс к-ті штаб бастығының орынбасары (1992), Қазақ мемл. қыздар пед. ин-тында доцент (19921994), ҚР Сыртқы істер мин-лігінде бөлім меңгерушісі, кеңесші (19941997), ҚазҰПУ-да кафедра меңгерушісі (19972007), ҚР Ұлттық қауіпсіздік к-ті академиясының проф. (1998) болды. «Жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудегі Қазақстан Компартиясының ұйымдастырушылық қызметі (19761980 ж.)» деген тақырыпта канд. дисс., «Қазақстан Республикасындағы әскери құрылымды жүзеге асыру саясаты» және «Қазақстан Республикасындағы әскери құрылым» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Б. 115-тен астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 20 монография («Отанды қорғау», «Геосаясат контексіндегі Қазақстан егемендігі», екеуі де 1996; «ХХІ ғасыр қарсаңындағы Қазақстанның әскери және сыртқы қауіпсіздігі», 1998; «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі», 2000; т.б.) мен 20 оқулықтың авторы. 3-дәрежелі «КСРО Қарулы Күштерінде Отанға қызмет еткені үшін» орденімен және медальдармен марапатталған.

Сыртқы сілтемелер

<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Леонид (Әскер) Құсманұлы Бакаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}