Леонид Николаевич Бурлаков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

14:15, 2017 ж. сәуірдің 7 кезіндегі Kaiyr (Талқылауы) істеген түзету

Леонид Николаевич Бурлаков 1947 жылы 8 мамырда РКФСР Чита қаласында туған. Орыс.

  • Әкесі - Бурлаков Николай Александрович (1913-1987). Анасы - Бурлакова Евгения Прокопьевна (1915-1954), мұғалім болған.Үйленген. Жұбайы - Бурлакова Валентина Георгиевна (1946 ж. т.), ағылшын тілінің мұғалімі. Ұлдары - Владислав (1971 ж. т.), инженер-технолог; Олег (1974 ж. т.), инженер-механик. 2 немересі бар.
  • Гурьев политехникумын (1967) мұнайшы-техник мамандығы бойынша; Гурьев педағогикалық институтын (1975) тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша; КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын (Мәскеу қ., 1978) саясаттанушы мамандығы бойынша; Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (1993) экономист мамандығы бойынша; Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (2000) құқықтанушы-заңгер мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты (2006). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы аймақтық және жергілікті өзін-өзі басқару жуйесін модернизациялау (ұйымдастырушылық-экономикалық аспект)». Доцент (2009). Газеттер мен журналдарда экономика, қаржы және бюджет мәселелері женіндегі, сондай-ақ іждағатсыз бәсекелестік, кедендік заңдар және т.б. мәселелерге байланысты жарық көрген жарияланымдардың авторы. Қазақстан демократиялық партиясының (1995-1999), КОКП (1969-1991), «Отан» РСП (1999 жылдан) мүшесі.
  • 1965 жылдан - «Маңғышлақмұнайгазбарлау» тресінің Жетібай МБП бұрғышының көмекшісі, бұрғышы-шебер, ТҚ жөніндегі инженер, Маңғышлақ ұңғымаларды сынау және сынамалау кеңсесінде учаскенің аға инженері, Жетібай кенті. 1968 жылдан - Өзен аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы, Маңғышлақ облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы. 1976 жылдан -Қоғамдық ғылымдар академиясының тыңдаушысы. 1978 жылдан - Жаңаөзен қалалық партия комитетінің екінші хатшысы, қалалық атқарушы комитеттің терағасы. 1985 жылдан - Қазақстан Компартиясы Маңғышлақ облыстық комитетінің ғылым және оқу мекемелері белімінің меңгерушісі. 1988 жылдан - Қазақстан Компартиясы Гурьев облыстық комитетінің ұйымдастыру-партиялық және кадрлармен жұмысы бөлімінің меңгерушісі. 1989 жылдан - «Маңғыстаумұнайгаз» өндірістік бірлестігі бас директорының орынбасары. 1994 жылдан - Ақтау қалалық әкімшілігінің басшысы, Ақтау қаласының әкімі. 1995 жылдан - ҚР Парламенті Сенатының депутаты. Экономика, қаржы және бюджет жөніндегі комитеттің мүшесі, 1999 жылдан - ҚР Парламенті Сенатының Аймақтық даму және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері женіндегі комитетінің төрағасы, 2005 жылдан - ҚР Парламенті Сенатының Аймақтық және салалық даму комитетінің мүшесі, 2007 жылдан - Экономикалық және еңірлік саясат женіндегі комитетінің мүшесі. 2009 жылдан бері - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директорының кеңесшісі.
  • «Парасат» орденімен (2000), 7 медальмен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің 2 құрмет грамотасымен марапатталған. ҚР Президентінің алғыстарымен ескерілген (үш рет). Жаңаөзен және Ақтау қалаларының Құрметті азаматы. ҚР Еңбек сіңірген қызметкері.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}