Леманн күшаласы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:35, 2016 ж. маусымның 12 кезіндегі GanS NIS (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Taxobox Леманн күшаласы немесе Ит күшаласы (Үлгі:Lang-la) — шаяноттар тұқымдасына жататын Күшала туысының саны қысқарып бара жатқан, сирек кездесетін түр.

Құмды шөлде, орманды тау етегінде, аласа таулардың тастақты беткейлерінде, Қазақстанның оңтүстігіде, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облысында өседі. Бұл сыртқы түрі ерекше көп жылдық, жер шарының троптиктік және субтропиктік аймақтарына тән тұқымдасқа жатады. Біздің еліміздің тұрғындарының көпшілігі бұл тұқымдар өкілдерін, жекелей алғанда аппақ үлкен гүлді оранжереялық, бөлмелік өсімдіктер ретінде біледі. Ыстыққа, құрғақшылық жағдайына жақсы бейімделген.

Жылдың көп мезгілін түйнек күйінде өткізеді. Жер үсті өркені басқа эфемероидтарға ұқсап тек ерте көктемде наурыздың соңы сәуірде өсіп-өнеді. Гүлдеп болып және жемісі піскен соң (мамыр-маусымның басы) толығымен тіршілігін жояды. Тек шар тәрізді түйнегі келесі жылғы ұрпақ беретін өркені қалады. Жапырағы жалпақ қандауырша секілді, биік сабақты. Гүлдеуші сабағы 20-40 см. Гүлдер саны көп, өте ұсақ, дара жынысты, гүлсерігі жоқ, бір түйін аналық гүлдер сабақтың төменгі жағында орналасқан. Сабақ ортасында жеміс бермейтін гүлдері бар. Тозаңдану шыбын арқылы айқас тозаңданады. Гүлшоғырының 3 шағында болатын жағымсыз иіс пен ашық түсті жамылғы оларды еліктіреді.<ref>А. А. Иващенко. Қазақстан өсімдіктер әлемі. Алматыкітап баспасы, 2012.</ref>

Дереккөздер

<references/>