Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Латиф Абдулхайұлы Хамиди"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

(Шығармашылығы)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

18:34, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі нұсқасы

Сурет:Латиф Абдулхайұлы Хамиди.jpeg
Латиф Абдулхайұлы Хамиди

Латиф Хамиди (17 шілде, 1906 - 29 қараша 1983, Алматы) - композитор, ҚазКСР-нің халық артисі, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Өмірбаяны

  • Ташкент ағарту институтын
  • 1-ші Мәскеу музыкалық техникумының теориялық-композиторлық факультетін профессор Б. А. Яворскийдің классы бойынша
  • Мәскеу консерваториясы жанындағы Татар опералық студиясын бітірген.

Л. Хамиди көптеген хорлық өңдеу, әндер, романстар, вальстар жазды, солардың ішінде “Қазақ вальсі” және “Бұлбұл” композитордың атын танымал етті. Ол сондай-ақ, патриоттық, тарихи тақырыптарға да музыка жазды. Композитор шығармашылығының қанат жаюы “Абай”, “Төлеген Тоқтаров” (А. Жұбановпен бірлесіп), “Жамбыл” операларынан да анық байқалады. Хамиди музыкалық мәдениет тарихында қазақтың халықтық музыкасын жинаушы - этнограф және музыкалық, оқулық басылымдардың авторы ретінде қалды.

  • 1933 жылдан Алматы қаласында тұрды. Қазақ КСР-інің халық артисі, еңбексің. өнер қайраткері. 1933 жылдан қазақтың халық әндері мен күйлерін жинап, нотаға түсіруге атсалысты.
Сурет:Латыф Хамиди на марке.jpg
Латиф Хамиди құрметіне шығарылған почтьта маркасы

Шығармашылығы

1935 жылы Семей қаласына барған сапарында М. О. Әуезовтің кеңесімен Абайдың немересі Әрхам Ысқақовтан ақынның «Айттым сәлем, Қаламқас», «Амал жоқ қайттым білдірмей», «Бойы бұлғаң», «Біреуден біреу артылса», «Желсіз түнде жарық ай», «Сен мені не етесің», «Тәңірі қосқан жар едің сен», «Қор болды жаным», «Ішім өлген, сыртым сау», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?», «Сұрғылт тұман» әндерін, Абайдың ән шығармашылығын жақсы білетін әншілерден «Сегіз аяқ» пен «Желсіз түнде жарық ай» әндерінің 2-нұсқаларын, ал, Әуезовтен «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» әнін жазып алды. Сөйтіп, ол ақынның муз. мұрасын түңғыш рет толық нотаға түсіруші болды. Сол жылдарда ол Абайдың «Қор болды, жаным», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын», «Сегіз аяқ» әндерін жеке әншіге, көп дауысты хорға арнап өңдеп, оларға фортепианолық сүйемел жазды. А. Жұбановпен бірлесіп «Абай» операсын (1944) жазды. Ол қазақтың жаңа муз. мәдениетіндегі Абай әндерінің игерілуі, опера жанрындағы ақын бейнесі жөнінде бірнеше мақала жазды. Бұл мақалалардың көпшілігі «Әндер, романстар, «хорлар» (1957), «Балаларға арналған фортепианолық пьесалар» (1965), «Абай» операсы» (1966) деген кітаптарына енген.

Марапаттары

  • Xамиди Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлық лауреаты.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті