Ларин Вениамин Иванович

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:35, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Ларин Вениамин Иванович (23. 12.1920 жылы туған, Ресей, Алтай өлкесі, Шипунов ауданы Белоглазово селосы) - жазушы. КР мәдениет кызметкері. Семей қаласы ауруханасында фельдшер болған. Мұғалімдер институтын бітіріп, Шығыс Қазақстан облысы Предгорненский орта мектебінде ұстаздықеткен.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

  • 1942 жылы Өскемен гидростанциясы құрылысында комсомол жетекшісі,
  • 1945 жылы Шығысы Қазақстан облысы комсомол көмитетінің хатшысы,
  • 1949 жылы Алматыда - "Ленинская смена" газеті редакторының орынбасары, Қазақстан ЛКЖО ОК-інде бөлім меңгерушісі, республикалық "Білім" қоғамы басқармасының жауапты хатшысы, телерадио хабарларын тарату жөніндегі мемлекеттік көмитет төрағасының орынбасары, "Огни Алатау", "Вечерняя Алма-Ата" газеттерінің редакторы,
  • 1974 - 1985 жылы "Простор" журналының редакторы қызметтерін атқарған.
  • Алғашқы очерктер кітабы 1956 жылы жарық көрген. "Бәрі де есте қалады" повесі, көптеген очерктері шет ел тілдеріне аударылған. Еңбек Қызыл Ту (1980), "Қүрмет белгісі" ордендерімен, "Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен марапатталған.

Шығармашылығы

  • Спроси у своего сердца. Повесть. А., 1970;
  • Земле нужны звезды. Повести и очерки. А., 1972;
  • Век прожить. Повести, рассказы, очерки. А., 1976;
  • Баллада о первой палатке. Документальные повести и очерки. А., 1980;
  • Все остается нам. ДИП корпус. Очерки. А., 1983.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}