Лазарис Аронович Яков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

14:08, 2015 ж. тамыздың 11 кезіндегі Erboldilyara (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Infobox writer

Яков Аронович Лазарис (23.2. 1904, Украина, Полтава облысы, Коврай селосы – 14.3.1991, Қарағанды қаласы) – патофизиолог, медицина ғылылымының докторы (1939), профессор (1940). Харьков мемлекеттік медицина институтын бітірген (1927). Одесса (1927–29), Днепропетровск пен Мәскеу (1941–43) және Горький (1943–51, қазіргі Нижний Новгород) қалаларындағы медицина оқу орындарында ғылыми-педагикалаық қызметпен (ассистент, 1929; доцент, 1935; профессор, 1940) айналысқан. Қарағанды мемлекеттік медицина институтында (1951–86, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) кафедра меңгерушісі қызметін атқарған; 1986–87 ж. осы институтта ғылыми кеңесші болды.<ref>Медицинадағы және білім берудегі инновациялық технологиялар: профессор Я.А.Лазаристің туғанына 100 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияның материалдары, Қарағанды, 2004.</ref>

Еңбектері

Лазаристің ғылыми еңбектері углеводтық алмасудың жүйесі мен патологиясына, өкпенің қабынуына, диабет пен токсикологияға арналған. 200-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 4 монографияның (мысалы, «Роль гипофиза в регуляции углеводного обмена», 1941; «Отек легких», 1962; «Легочное кровообращение», 1963; «Нарушение кислотно-щелочного гомеостаза», 1973; т.б.) авторы. Ленин орденімен (1966) және медальдармен марапатталған.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}