Лабрадор түбегі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:56, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сурет:Labrador-Peninsula.PNG
Лабрадор түбегі

Лабрадор түбегі - Солтүстік Американың солтүстік бөлігіндегі түбек.

География

1,6 млн км2 жерді алып жатыр. Лаврентий таулы үстіртінің шығыс бөлігін құрайды.

Климат

Жері төбелі, қырқалы, субтропиктік және қоңыржай климатты, көлді келеді. Биіктігі 500-800 м, ең биік жері Торнгат тауы - 1621 м. Жағалауына Солтүстік мұзды мұхит және суық Лабрадор ағысы күшті әсер етеді. Көп жылдық тоң кеңінен тараған. Қаңтардағы орташа температура -12°-28°C, шілдеде 9°-15°C. Жылдық жауын-шашыны 250-1200 мм.

Табиғат

Сирек қылқанды орман өседі. Темір, никель және мыс кендері кездеседі.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том </ref>

Дереккөздер

<references/>