Көшпенділер (трилогия)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:23, 2015 ж. қыркүйектің 14 кезіндегі Аслан Жукенов (Талқылауы) істеген түзету

Сурет:Көшпенділер1.jpg
Көшпенділер кітабы

Көшпенділер - трилогия

Көшпенділер - Ілияс Есенберлиннің алты кітаптан тұратын тарихи эпопеясы. Бұл шығарма - қазақ сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты көркемдік пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі,партиялық идеологияның қылышынан қан тамып тұрған уақытта дүниеге келген шығарма. Трилогия Алмас қылыш ,Жанталас, Қаһар деген бөлімдерден тұрады.

Қысқаша мазмұны

Көшпенділер трилогиясында бес ғасырлық оқиға, яғни, XV-XIX ғасыр аралығындағы Қазақ хандығы өмір сүрген кезең суреттеледі.

  1. Алмас қылыш романында ХV –ХVІ ғасырларда Қазақ хандығының құрылуы, Әбілқайыр, Жәнібек, Керей хандардың тақ үшін таласы, қазақ руларының бірлесу идеясы суреттеледі.
  2. Жанталас романында ХVІІ –ХVІІІ ғасырлардағы Қазақстанның шетел басқыншыларымен күресі және Әбілқайыр ханның Қазақстанның Батыс бөлігімен Ресей патшалығы қол астына кіруі сипатталады. Қалмақ хандығының қазақ еліне опасыздық шапқыншылығы, Алакөл маңайында, Ордабасы өңірінде болған қырғын ұрыстар, Ресей патшалығының қол астына кірген Әбілқайырдың түпкі армандарының жеке басындағы түңілістері туралы жазылған.
  3. Қаһар романында ХVІІІ ғасырда Абылай хан бастаған қазақ халқының қалмақ басқыншыларын біржолата талқан етуі, Абылайдың қазақ елін дербес Қазақ хандығына біріктіру әрекеттері және Абылай хан мен оның батырларының ел тәуелсіздігі үшін күрестегі ерлік, даналық істері баяндалады. Абылай ханның қазақ елін біріктіру жолындағы жанталас күйзелістері суреттеледі.

Трилогиядағы тарихи тұлғалар

Шығарма кейіпкерлері – негізінен, тарихи тұлғалар, Шыңғысхан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау көзі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы – ақын-жыраулар, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін жан аямай шайқасып, Отанын қорғай білген арыстан жүрек, атан жілік батырлар. Бұлар – ел есінде аттары жатталып, тарихта қалған, өмірде болған тұлғалар.

  1. Алмас қылыш романында - Әбілқайыр хан , Жәнібек хан ,Керей хан
  2. Жанталас романында -, Қасым хан , Хақназар хан , Абылай хан , Бұқар жырау
  3. Қаһар романында - Асан қайғы, Қазтуған, Кенесары хан, Ағыбай батыр сияқты тарихи,аты аңызға айналған тұлғалар басты кейіпкерлер болып табылады.

Кітап туралы пікірлер

Нұрсұлтан Назарбаев: «Ілияс Есенберлиннің шығармашылығында атақты «Көшпенділер» трилогиясы негізгі орын алады, ол эпикалық құлаш - қарымымен, оқиғалардың серпінділігімен, қазақ тарихының жанды әрі қайталанбас тұлғаларының бейнесімен, тілінің шынайылығымен және айқындылығымен ерекшеленеді».

Шыңғыс Айтматов: «...алайда, ең бастысы, «Көшпенділердің» бұрынғы қоғам жағдайына да, қазіргі жағдайға да тәуелсіз өз құндылығы мен әдеби тағдырының барлығында жатыр».

Әнуар Тұрлыбекұлы Әлімжанов: «І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының беттерін мұқият зерделемейінше қазақ ұлтының сан ғасырлық тарихын талдап, пайымдау да мүмкін емес, әрі мұнсыз ол толыққанды болмайды».

Чингис Гусейнов: « «Көшпенділер» трилогиясы халықтың өзін - өзі танып - білуінің тамаша кезеңдік туындысы болып табылады».

Тағы қараңыз

  1. UsinEYSz4ATlsoHQBQ&usg=AFQjCNEg9umUlqS_IRGrb0XapW6XSwMRRg
  2. http://www.tarih.spring.kz/kk/history/postwar/figures/esenberlin/
  3. Ілияс Есенберлин
  4. http://shkola-isatai.at.ua/load/kitaptar/kitaptar/ilijas_esenberlin_quot_k_shpendiler_quot_kitaby_quot_a_ar_quot_3_tom_2004_zhyl/37-1-0-215

Дереккөздер

  1. http://1referat.kz/shygarma/koshpendiler.html
  2. http://doc.nlrk.kz/result/ebook_1018/#ps
  3. http://www.kitap.kz/ru/content/koshpendiler-2-kitap
  4. І.Есенберлин.Көшпенділер:Тарихи трилогия.Алматы:Көшпенділер баспасы,2006.
  5. І.Есенберлин.Көшпенділер:Тарихи трилогия. - Алматы:І.Есенберлин атындағы қор,2002.Үлгі:Бастама