Көтерілген атолл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:43, 2017 ж. қаңтардың 25 кезіндегі Ismukhammed (Талқылауы) істеген түзету

Сурет:Nauru satellite.jpg
Науру аралының аэрофотосуреті

Көтерілген атолл (немесе көтеріңкі атолл) — біршама сирек кездесетін маржан аралының түрі, бұрынғы атолл. Әдетте мұхит деңгейінен 50—60 м биіктікке дейін жететін әктасты үстірт түрінде болып келеді. Негізінде периметрі бойымен шеткі жалдар орналасқан, ал орталығында — лагунаның қалдықтары.

Көтерілген атоллдардың ерекше үлгілері — Науру, Ниуэ және Тонга (соның ішінде Тонгатапу және Вавау) топаралындағы аралдар тобы. Сонымен қатар осы топқа келесі аралдарды және аралдар топтарын жатқызуға болады: Реннелл, Бука, Уэйк, Джонстон, Банаба және Хендерсон.

Сонымен қатар көтерілген атолл макатеа (полинезия тілінен makatea «әктас») атауымен белгілі.

Әдебиет

  • Игнатьев Г. М. Тропические острова Тихого океана. Москва, изд-во «Мысль», 1978, 270 c. (орысша)

Үлгі:Island-stub