Көктем лебі (көрме)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ШҚО сәндік-қолданбалы өнер шеберлері бұйымдарының көрмесі ашылды.

Көрмеге Өскемен, Семей, Зырян қалалары, Еңбек ауылы (Катонқарағай ауданы) мен Молодежный кенті (Ұлан ауданы) шеберлерінің қолдарынан шыққан әртүрлі заттар қойылған. Мұнда кесте, құрақ құрау, тоқымашылық, киіз басу техникасында орындалған бұйымдар, ағаштардың әртүрлі тұқымдарынан жасалған мүсіндер, қобдишалар, түбірпластика, тильда-қуыршақтар, кәдесыйлар назарға ұсынылған. Есімдері облыста және одан да тыс жерлерде танымал ісмерлердің қатарында Владимир Ляпунов (нақышты кәдесыйлар), Ольга Леонова (киіз паннолар), Зоя Быкова (қоғадан тоқылған кәдесыйлар), Тамара Шафран (панно, батик), Ләзат Балғазина (кілем, тоқымашылық), Байболат Дәлентаев (тастан жасалған кәдесыйлар мен әшекейлер), Сергей Трыков (қайың қабығынан жасалған бұйымдар), Наталья Баженова (қоғадан тоқылған бұйымдар), Украин ұлттық орталығының «Чаровница» (жетекшісі Раиса Федоровна Авдеева) қолөнер үйірмесінің мүшелері (кесте, панно) бар.

«Айша Бибі» қазақ мәдени орталығының (жетекшісі Айман Ибрайқызы Боқбасарова) шебер ісмерлері назарға ұлттық бұйымдарды ұсынған.

Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА