Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Көксілдер"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ш (келесі санат қосылды: «Санат:1911 жыл» (HotCat құралының көмегімен))
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

17:49, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі нұсқасы

"Көксілдер" (толық аты - "Көксілдер, яки бұрынғы мырза ұлы һам ноғайлы батырлары уә ғайри мағыналы жырлар") - қазақ ақындарының жинағы. "Көксілдерді" 1911 жылы Ғабдолла Мұштақ жариялаған. Бастырушы "Көксілдерге" жазған алғысөзінде өлең, жырларды жинап бастырған мақсатын баяндай келіп, бұл жинақты құрастырудағы мақсаты - ана тілін сақтау, ондағы коркем образдарды жоғалтпау, отаншылдыққа, адамгершілікке, өнер, ғылымға құмарлықты тәрбиелеу, қазақ тіліндегі кемел шығармаларды ұрпақ жадында қалдыру болғанын айтады. Жинаққа көне әпикалық жырлардың үзінділері, Ш.Бокеевтің, Ғ.Мұштақтың көркемдігі жоғары өлең, аудармалары, Шалкиіздің толғаулары енген. "Көксілдер" - әдебиет тарихын, әсіресе эпосты зерттеулершілер үшін бағалы еңбек.

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998