Көдек Маралбайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:15, 2015 ж. қарашаның 6 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Көдек(Әбдірахым) Маралбайұлы (1888, Алматы облысы Райымбек ауданы Сарыбастау ауылы – 1937, Шыңжаң өлкесі, Іле қазақ автономиялы облысы Текес ауданы “Мыс” мекені) – ақын. Ауыл имамы Мұқай молдадан оқып сауатын ашқан. 1916 ж. Қарқара көтерілісінде сарбаздар қатарында жүріп, “Он алтыншы жыл туралы” дастанын шығарды. 1918 – 20 ж. қызыл әскерлер жағында Азамат соғысына қатысты. Хиуа, Қоқан қалаларын шабуылдағанда екі рет ауыр жарақат алып, әскери комиссияның шешімімен ауылына қайтарылады. Қайтар жолда Жамбылмен жүздеседі. 1920 – 32 ж. Қосшы одағында, болыстық комитетте хатшы болып қызмет атқарады. Азамат соғысы кезінде өткерген оқиғалары негізінде “Бастан кешкендер” атты дастан жазады. “Шетел тыңшысы” деген жаламен соңына түскен шолақ белсенділердің зардабынан жат өлкеге қоныс аударуға мәжбүр болады. Шығармалары Шыңжаңдағы жастар баспасынан шыққан “Көдек” (1984, 1988) “Қазақ поэзиясының антологиясы” (1993) жинақтарында, мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Көдек Маралбайұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}