Кәрім Баялиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:31, 2017 ж. ақпанның 4 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Кәрім Баялиев (1 наурыз, 1926 жыл, Тараз – 2004) - жазушы, журналист.


Әулиеата (қазіргі Тараз) қаласының батыс жағындағы Билікөлдің жағасында, сол аймақтың болысы (волостной управитель) Байелдің отбасында туған. Әкесі ұжымдастыру кезінде большевиктер тарапынан қудaлaуғa ұшырaғaн. Алматы мемлекеттік заң институтын бітірген. Облыстық әділет басқармасы бастығының орынбасары, мұғалім, облыстық «Еңбек туы» (қазіргі «Ақ жол») газетінде әдеби қызметкер, Қазақ радиосының Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі, Қазақстан Жазушылар одағының облыстық бөлiмшесiнiң бaсшысы болып істеді.

Еңбегі

Алғашқы әңгімелері баспасөзде елуінші жылдардың басында жариялана бастады.

  • Тұңғыш әңгімелер жинағы 1959 жылы «Жол үстінде» деген атпен басылып шықты. Содан бері
  • «Адам ізі»
  • «Нөсер»
  • «Дегелек келді, жаз болды»
  • «Мейірім»
  • «Той бастар»
  • «Лебіз»
  • «Жер тынысы»
  • «Жасарған Жамбыл жерінде», тағы басқа кітаптары жарық көрді.

Соңғы жылдары өзіне таныс заң қызметкерлері өмірінен жазылған

  • «Үрей»
  • «Ар жазасы"
  • «Бөтен бала»
  • «Кескіленген келіншектер» атты шытырман оқиғалы повестері «Жазушы» баспасынан кітап боп шықты.
  • «Оралу», «Атаң келеді артыңда», «Қос дегелек» атты спектакльдері Жамбыл, Шымкент және Қырғызстанның Ош театрларында қойылған.<ref>“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Жетістіктері

  • Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Грамотасымен марапатталған (1977)
  • Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1982)
  • Жамбыл облысының құрметті азаматы (2003).<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}