Кәмәлия (Кәмәш)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

00:19, 2017 ж. сәуірдің 21 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Кәмәлия (К ә м ә ш) (1882-1973) Абайдың келіні. Ақылбайдың баласы Әубәкірдің әйелі. Кәмәлиядан Қапсәлем, Әлихан туған.

Оспанның үйіне келін боп түскен Кәмәлияны Абай шақырып алып: «Қарағым, Кәмәш, ата-енеңді, туыс-туғанды сыйлап, салг-дәстүрді сақтағаның дұрыс. Бірақ менің алдымда бетіңді ашып, өз үйіңде жүргеніңдей еркін жүр, - деп, Кәмәлияның басындағы желегін алғызган. Кәмәлия Абайдың ас-ауқатын әзірлеп, киімдерін жаңа үлгімен тігіп беріп, ақынның шығармашылықпен алаңсыз айналысуына жағдай жасап отырған. Кәмәлия өзінің естеліктерінде Абайдың Тобықты елінің тұрмысына көптеген жаңалық енгізгенін, соның бірі - үй-ішінің дүние-мүлкі мен ыдыс-аяқтарды, асадал (шкаф), матадан жасалған үлкен дастарқан, кенеп орамал, құлақты шыныаяқ, самаурын, сағат т. б. заттарды қаладан арнайы алдырғанын айтады.

Абайдың Жидебайдағы мұражай қорында Кәмәлия тапсырған Абай үйінің кейбір дүние-мүліктері, ақынның тоғызқұмалақ тақтасы, тастары және оның былғарыдан тігілген тері қалташасы, [Абай|Абайдың жасанды тістері, Еркежанның сүйектен жасалған төсегі, шымылдық, төсекжапқышы, білезігі, Кәмәлияның өзінің киімдері, құндыз бөркі мен камзолы, 1903 ж. түсірілген әулеттік фото-суреті, Кәмәлияның айтуымен жазылып алынған естеліктері сақтаулы.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кәмәлия (Кәмәш)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}