Кәдірхан Жұматайұлы Баққараев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:41, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Кәдірхан Жұматайұлы Баққараев - (1.9.1935 жылы туған, Жамбыл облысы Талас ауданы Ақкөл ауылы) - журналист, жазушы. Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі ҚазҰУ) (1962), Алматы жоғары партия мектебін (1966) бітірген. 1956 - 60 жылдары Жамбыл облысы Талас ауданы Пионерлер үйінің директоры, ауданы сот хатшысы, ауданы білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі. 1960 жылдан баспасөзде, қаламгерлік жұмыспен айналысады. Жамбыл облысы Талас, Сарысу ауданаралық "Ленин жолы" газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі (1960 - 64), Жамбыл облысы "Еңбек туы" (казіргі "Ак жол") газеті редакциясында бөлім меңгерушісі (1966 - 70), Шу ауданы" Шу өңірі - Чуйская долина" газетінің редакторы (1970- 74), "Еңбек туы" газетінің бөлім меңгерушісі, меншікті тілшісі (1974- 91), Халықаралық "Қазақ тілі" коғамы Жамбыл облысы филиалының жауапты хатшысы, төрағаның орынбасары және қоғамдык Әулиеата газетінің редакторы (1992 - 94), Жамбыл облысы қоғамдық-экологиялық "Табиғат аясы" газетінің редакторы (1994 - 96). 1996 жылдан Халықар. "Қазақ тілі" қоғамы Жамбыл облысы филиалының төрағасы. Әзіл-сықак, сатиралық жанрдағы әңгімелері республика және облысы баспасөзде жарияланған. 3 көркем шыгарма жинактарының авторы. Шығармалары: Ұзатылған қауын. Сатиралық әңгімелер, фельетондар, А., 1993; Алтын жұмыртқа. Әзіл-сықак әңгімелер, Тараз, 2004.<ref>“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}