Күшқуат Таласбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:14, 2015 ж. маусымның 16 кезіндегі Кырмызов (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Тұлға Күшқуат Таласбаев (1948 ж. т., Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы) – мұнайшы.

ҚазПТИ-ді (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1972). 1972 –1986 ж. Өзен мұнай кен орнында бұрғылаушының көмекшісі, бұрғылаушы, инженерлік-диспетчерлік қызметтің аға инженері, техникалық бөлімнің аға инженері, өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы, өндірістік қызмет көрсету базасының бастығы, 1986 жылы «Басмұнайгазқұрылыс» басқармасына қарасты мамандандырылған сантехникалық жұмыстар басқармасының бастығы, 1987 – 2004 ж. «Өзенмұнайгаз» өндірістік бірлестігінің бас инженері, «Өзенмұнайгаз» Акционерлік Қоғамының вице-президенті болды. 2004 жылдан «Қазмұнайгаз» Акционерлік Қоғамының «Өзенмұнайгаз» өндірістік бөлімшесі директорының кеңесшісі.

Талсабаев – өндіріске 9 өнертабыс, мұнай өндіру саласына 159 жаңалық енгізді. Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесінің күміс, қола медалімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Республика Президентінің алғыс хатымен марапатталған.<ref>«Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub