Күшілік хан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:17, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Біріктірілсін Күшілік хан (1180 - 1218) - найман Таян ханның үлкен баласы әрі мұрагері, найман ханы.

Жаугершілік өмірі

1204 жылы 15 шілдеде Шыңғыс хан әскерлері мен наймандар арасында болған "Наху Қон" шайқасы кезінде Күшілік жиырмадан жаңа асқан жігіт болатын. Рашид әд-Дин ел арасында "Күшілік хан жын - шайтандарды қосақтап саудырып, сүтінен қымыз ашытқан" деген аңыз тарағанын айтады. Осы шайқаста Таян хан бастаған 55 мың сарбазы бар найман қолы әскерт дайындығы күшті Шыңғыс хан әскеріне қарсы аттанады. Қадырғали Жалайырдың жазуына қарағанда, ұрыс кезінде Таян хан қайтыс болып, наймандар жағы жеңіліске ұшырайды. Найман жұртының ендігі тағдыры өзіне байланысты болған Күшілік хан Тамир өзені бойына бекініс салып, Шыңғыс хан қолына қарсылық көрсеткенімен, төтеп бере алмай кері шегінеді де, Кемчугтегі ағасы Бұйрық ханға барып қосылады. 1204 жылы Бұйрық хан Урунгу өзені бойында Шыңғыс хан әскерімен шайқаста қаза табады. 1205 жылы (сиыр жылы) Шыңғыс хан Кем асуын асып, Бұқтырма өзенінің бойында Күшілік хан мен меркіт Тоқта бектің біріккен әскерімен шайқасады. Тоқта бек қаза табады, ал Күшілік хан Бесбалық арқылы шегініп, Шу бойындағы Лиау (Ляо) патшалығының билеушісі Жилугуға келіп бас сауғалайды. Олардың одақтасуына "ағайыншылық" байланыс емес, екі елдің басына түскен тағдыр тауқіметі себепші болса керек. Күшілік хан атамекенінен айырылып, Жетісу асса, бұл кезде Лиау патшалығы да өзіне сенімді серіктес іздеп, қолдау күтіп отыр еді. Күшілік хан Жилугудің сеніміне еніп, Лиау патшалығының билігін өз қолына алды. Күшілік хан 1212 жылы Алтай жорығына аттанып, Алмалықты шапты, Қашқарды бағындырды. Шыңғыс хан сол жылы Тоғышар мерген бастаған үш мың атты жасақты қарақытай шекара шебіне орналастырып, Жебе бастаған 20 мың сарбазды Күшілік ханға қарсы аттандырған ("Моңғолдың құпия шежіресі"). 1218 жылы Жебе қолымен болған шайқаста Күшілік хан қаза табады.<ref>Алтын Орда: Қазақ хандығы (I бөлім). Қазақстан балалар энциклопедиясы / Т. Жұмаханов, Б. Жұматаев, Т. Шаңбай. - Алматы: "Аруна" баспасы, 2007. - 224 бет, илл. ISBN 9965-26-042-7 </ref>

Дереккөздер

Үлгі:References