Күнқыран хан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:15, 2016 ж. мамырдың 4 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Күнқыран хан - Ақ Орданың ханы (1251 -1280). Рашидаддин Хамаданидың Жами аль-тауарихында ("Жылнамалар жинағы") Күнқыран Орда Ежен ханның төртінші ұлы делінген. Орда Еженнің Жошы ханның үлкен ұлы екені белгілі. 1256 жылы Күнқыран ханның інісі Құли Парсы жеріндегі Хулагу ханның әскеріне көмекке аттанды. Бағдад қаласын қоршағаннан кейін (1258) белгісіз жағдайда Құли қаза болды. Соның кесірінен Жошы ұлысы мен Илхандар мемлекетінің қарым-қатынасы суый түсті. Оның билігі кезінде Орда Еженнің кейбір ұрпақтары Арықбұғаны хан сайлауға қатысып, Құбылайға қарсы азаматтық соғыста қолдау көрсеткен. Ол қайтыс болғанда бірде-бір еркек кіндікті мұрагері қалмағандықтан, таққа оның жиені Көшу отырды.

Тағы қараңыз

Үлгі:Ақ Орда хандары