Күнтуар Ерназарұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:56, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Күнтуар Ерназарұлы (шамамен 17301810) – би. Сырдарияның төменгі ағысы бойында туып-өскен. Кіші жүз құрамындағы Шөмекей тайпасынан шыққан. Атасы Тәтімбет Былғақұлы 1733 жылы қаңтар айында Әбілқайыр ханның Ресей империясына жіберген Ерәлі хан бастап барған елшілік құрамында болған. Әкесі Ерназар би ел бірлігін, тыныштығын сақтауға көп атсалысқан. Күнтуар би жөнінде ел аузында сақталған әңгімелер көп. Оның батырлығымен де даңқы шықты. Ру, тайпалар арасындағы жер, жесір дауына Күнтуар екі жаққа тиімді кесім айтқан. Қазақ пен қарақалпақ арасындағы жер дауын ұтымды сөздермен шешкені халық арасында әлі күнге дейін айтылады. Күнтуар би есімін Сыр бойының Б.Базар, Ш.Бектасұлы, Б.Құлымбайұлы, Т.Ізтілеуов секілді ақындары шығармаларында атап өткен.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Күнтуар Ерназарұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}