Күзембаев Талғат Пердебекұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:41, 2014 ж. желтоқсанның 23 кезіндегі Arystanbek (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Infobox Biography Күзембаев Талғат Пердебекұлы (6.1.1971 жылы туған, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Алғабас аулы) – әнші (драм-баритон). Қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясының вокалдық-хор факультетін (1998) және оның ассистентурасын (2000; профессоры Х. Есімовтың жетекшілігімен) бітіргеннен кейін Қазақтың мемлекеттік |академиялық опера және балет театры труппасына қабылданды. Оның опералық-орындаушылық репертуарынан қазақ композиторларының, сондай-ақ дүниежүзілік классикалық музыка шығармалар кең орын алды.

Негізгі орындаған партиялары: Жанбота, Жиенқұл (М.Төлебаев, “Біржан – Сара”), Абай, Жиренше (А.Жұбанов пен Хамидидің осы аттас операсы), Бекежан (Е.Г.Брусиловский, Қыз Жібек), Абылай хан Рахмадиевтің осы аттас операсы, 2004; ҚР Мемлекеттік сыйлығы, 2006). Сонымен қатар Н.А. Римский-Корсаков, П.И.Чайковский, Ж.Бизе, Дж. Пуччини, Дж. Верди операларында күрделі партияларды орындады.

Комитетың орындауындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны әнтабаққа жазылды. Ол 2007 ж. Қазан қаласындағы Татар мемлекеттік академиялық опера және балет театры сахнасында Вердидің “Трубадур” операсын қоюға қатысты. Сол жылы Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрының опералық труппасымен Кипрдегі Пафос қаласында “Афродита” фестиваліне қатысып, Граф ди Луна партиясын (Верди, “Трубадур”) айтты. К.Байсейітова атындағы республика әншілер байқауының (1998, 3-сыйлық), Халықаралық “Шабыт” шығарма жастар фестивалінің (2001, 1-сыйлығы), Б.Төлегенова атындағы 2-халықаралық әншілер байқауының (2004, 1-сыйлық) лауреаты және Астрахан қаласында өткен М.И. Глинка атындағы халықаралық әншілер байқауының дипломанты (2003). ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2006). <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub