Кюри

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:38, 2015 ж. мамырдың 31 кезіндегі Zhaksilik (Талқылауы) істеген түзету

Кюри Пьер (15.5.1859, Париж – 19.4.1906, сонда) – француз физигі, радиоактивтілік туралы ілімнің негізін салған, Париж ғылым академиясының мүшесі (1905). Париж ун-тін бітірген соң (1877) сонда ассистент (1878 – 83), 1883 – 1904 ж. Физика және химия мектебінде дәріс берді (1895 жылдан кафедра меңгерушісі). 1895 ж. М.Склодовскаяға үйленген. 1904 жылдан Париж ун-тінде проф. Оқыс оқиғадан қайтыс болған. Негізгі ғыл. еңбектері кристалдар физикасын, магнетизмді, радиоактивтілікті зерттеуге арналған. Ол ағасы Ж.Кюримен бірге пьезоэлектрлік эффект құбылысын ашты (1880). 1884 – 85 ж. кристалдардың түзілу теориясын дамытып, ондағы симметрия заңын зерттеді. Кюри Пьер магниттік құбылыстарды зерттей отырып, парамагниттік денелердің магниттік алғырлығының абс. темп-раға тәуелділігін (қ. Кюри заңы), сондай-ақ ферромагниттік материалдардың парамагниттік материалдарға айналатын ерекше темп-расының (қ. Кюри нүктесі) болатындығын анықтады. Ол 1897 ж. әйелі М.Склодовская-Кюримен бірге радиоактивтілікті зерттеумен айналысып, 1898 ж. жаңа радиоактивті элементтер – полоний мен радийді ашты. 1903 ж. радий тұздарының өздігінен жылу бөліп шығаратынын байқады. Радиоактивтіліктің биол. әсерлерін де зерттеді. Радиоактивтілікті зерттегені және радийді ашқаны үшін П.Кюри мен М.Складовская-Кюриге [А.А. Беккерельмен (1852 – 1908) бірге] 1903 ж. Нобель сыйл. берілді. Пьер мен Мария Кюри құрметіне жасанды хим. элемент – кюрий деп аталды.<ref name="source1">"Қазақ энциклопедиясы"</ref><ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов.

– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер </span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кюри|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}