Кунерсдорф шайқасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

14:29, 2013 ж. наурыздың 11 кезіндегі Legobot (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Infobox Military Conflict Кунерсдорф шайқасыҰлы Фридрихтың ең ауыр жеңілісі. 1759 жылғы тамыздың 12-сінде Одердегі Франкфурттың шығысындағы Кунерсдорф ауылының маңында (қазір Польшадағы Куновице) 50 900 пруссиялық 41 000 орыстың және 18 500 аустриялықтың құрама қосынынан жеңілді. Орыс әскерін Петр Семенович Салтыков, аустриялықтарды Ернст фон Лаудон басқарды. Бастапқыда болған 50 900 әскерден тек 3 000 ғана шайқастан соң Берлинге қайта оралды. Көптеген мың пруссиялық әскерлер бытырап қашып кетті.

Шайқастың барысы

Сурет:Karte zur Schlacht bei Kunersdorf (12.08.1759).jpg
Кунерсдорф шайқасының картасы

1759 жылғы тамыздың 12-сінде Пруссия артиллериясы сол қапталды атқылай бастады. Бір сағаттан кейін оған Ресей артиллериясы жауап бере бастады. Шамамен сағат 12-де Пруссия әскері басым күшпен орыс әскерінің сол қапталына шабуыл бастады. Кескілескен шайқас болды. Бұл шабуыл сәтті өтті. Егер Фридрих (өзінің кеңесшісі әрі бауыры талап еткендей) осымен ғана шектелгенде Кунерсдорф шайқасы пруссиялықтардың жеңісімен аяқталар еді. Бірақ Фридрих өзінің табысын тереңдете түскісі келіп, шайқасты жалғастыра беруді шешті. Пруссиялықтардың шабуылы әлсіреп кеткенде соған дейін қосымша күш ретінде сақталып келген аустриялықтардың атты әскері соққы берді. Алайда Фридрих өз әскерлерін қайта топтастырып, одақтастарға қысымын жалғастыра берді.

Шайқас кешке қарай барон фон Зейдлиц бастаған атты әскердің орыстардың орталығы мен артиллерия құрамаларына шабуылымен үдей түсті. Пруссиялықтардың атты әскері көп шығынға ұшырап, бейберекет түрде артқа шегіне бастады. Фон Зейдлицтің өзі ауыр жарақаттанды. Орыстардың ауыр атты әскерді, хорваттар мен қалмақтарды қамтитын атты әскері қарсы шабуыл жасап, Пруссия әскерінің қалдықтарын шашыратып тастады. Фридрих патшаның өзі әрең дегенде тұтқындалудан аман қалды. Ол жерге өзінің қылышын қадап қойып, жалғыз өзі болса да бүкіл жау әскеріне қарсы тұруды немесе қаза табуды шешіп дайын тұрды. Атты әскер капитаны Приттвитц 200 адамдық эскадронмен оған көмекке келіп, әрең дегенде Фридрихты шегінуге көндірді.

Орыстар мен аустриялықтардың шығыны 15 000-нан кем болды (соның ішінде шамамен 5 000 қаза тапқан). 172 зеңбіректен айырылып, 6 000 адамы қаза тауып, 13 000 адамы жараланып, 26 000 адамы қашып кеткен пруссиялықтар үшін бұл шайқас ауыр жеңіліспен аяқталды. Шайқастан 4 күн өткен соң осы 26 000 адам қайтып келіп, Фридрихтың әскері 32 000 адам мен 50 зеңбірекке дейін қалпына келді.

Кунерсдорф шайқасы атты артиллерия қолданылған алғашқы әскер болды. Ол дегеніміз атты әскер мен артиллерияның «буданы» іспетті болды: зеңбірекшілер шайқасқа атқа мініп қатысатын. Ол топ жақында ғана ұйымдастырылған болатын, ол пруссиялықтардың жағында соғысты. Шайқастың кезінде толығымен жойылса да, ол қосын сол жылы қайта ұйымдастырылып, Максен шайқасына қатысты.<ref>Hedberg pp. 11-13</ref>

Фридрихтың Кунерсдорфтан жазған хаты

Шайқастан кейінгі кеште патша Берлинге былай деп жазды:

Бүгін таңғы сағат 11-де мен дұшпанды шабуылдадым... Менің әскерімнің барлығы кереметтей соғысты, бірақ сол үшін зор шығындармен төледі. Біздің адамдарымыздың арасында шатасу басталды. Мен оларды үш рет жинадым. Соңында мен өзім қолға түсуден әреңаман қалып шегінуге мәжбүр болдым. Менің шапаным тиген оқтардан шұрқ-шұрқ тесік, астымдағы екі ат оққа ұшып өлді. Менің бақытсыздығым — менің әлі де тірі екендігім. Біздің жеңілісіміз өте қомақты: 48 000 әскерден менде қалғаны тек 3 000 ғана. Мен осыны жазып отырған сәтте бәрі де жүгіріп жүр, мен өз әскерімнің басшысы болудан қалғанмын. Берлиндегілердің қауіпсіздігі туралы ойлау дұрыс іс... Мен осы қатал сәтсіздіктен тірі шықпаспын. Шайқастың салдарлары шайқастың өзінен сорақы болады. Менің енді ешбір қорларым қалмады, шынын айтқанда мен бәрінен де айырылдым деп ойлаймын. Мен өз отанымның жеңілісінен кейін тірі қалмаспын. Қош болыңдар!

Сілтемелер

Үлгі:Reflist